04.06.2015, 18:00

Subaru Қазақстанда 405 автокөлікті кері қайтарып алады

reactor.inform.kz

Subaru Kazakhstan компаниясы 2004-2007 жылдары шыққан Impreza/WRX көліктерін кері қайтарып алатынын жариялады.

Оған Takata Corp компаниясының жолаушыларға арналған қауіпсіздік жастықшаларының ақауы түрткі болып отыр, деп хабарлайды «Астана Моторс» компаниясының баспасөз қызметі.

«Науқанға Қазақстандағы ресми дилерлер арқылы сатып алынған 405 автокөлік ілігіп отыр. Мамандардың айтуынша, көлік ұзақ уақыт пайдаланылғаннан кейін қауіпсіздік жастықшаларының газогенераторларына ылғал өтіп, істен шығуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Салдарынан генератордың корпусы зақымданып, фронтальды қауіпсіздік жастықшалары іске қосылған кезде жолаушылардың жарақат алу қаупі күшейеді.

Қауіпсіздік жастықшаларының ақауы науқанға іліккен көлік иелері үшін ақысыз жөнделеді.