$ 494.87  520.65  4.91

8 наурызды тойлаған жастарды пәтер иесі тепкілеп үйден қуып шықты (ВИДЕО)

8 наурыз мерекесін достарымен атап өткен жастар үй иесінен оңбай "таяқ жеді". Осынау сәт түсірілген видеоролик Instagram әлеуметтік желісіндегі 01_region парақшасында жарияланған.

Жастар қыздар мен әйелдер мерекесін тым шулы тойлаған болулары керек, пәтердің көршілері үй иесіне шағым айтыпты. Ашуға булыққан қожайын болса пәтерге таңертең келіп, алаңсыз демалып жатқан жігіттерді соққыға жығып, үйден қуып шыққан.

Жастар пәтердің алдын-ала екі айлық ақшасын төлеп қойғандарын айтып отыр. Сондықтан үй иесінің бұл әрекетіне олар наразылықтарын білдірді. Ал, желі қолданушылары болса жастардың сазайын берген зейнеткерге разы екендіктерін жазып жатыр.

Оқиға Ресей қалаларының бірінде болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары