$ 494.87  520.65  4.91

Аралда екіқабатты үйді бөліп тұрған өткел құлады

17 наурызда Арал қаласында нөмірі 3-өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне Жароков көшесіндегі екіқабатты үйді бөліп тұрған бөлігі опырылды деген хабарлама түскен. Зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ғимарат 1986 жылы балабақша ретінде салынып, 90-жылдары тұрғын үй мақсатында пайдалануға берілген.

Алайда, жергілікті басшылық тарапынан нысанның апатты екені бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, тұрғындар үйді иемденіп, қоныстанып алған. Қазіргі таңда 20 пәтерлі үйдің бесеуінде адам тұрмайтыны анықталды. Күрделі жөндеуден өткізу қажет екен.

Бүгінгі таңда, оқиға орын алған жерде тиісті жұмыстар атқарылуда, 50 адам және 3 ауыр техника жұмылдырылды. 15 отбасының 8-і аудандық жастар ресурстық орталығына эвакуацияланды, қалған 7 отбасы ғимараттың қауіпсіз аумағында тұрып жатыр. Эвакуацияланған тұрғындар ыстық тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.

Аудан әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды, алдағы уақытта тексеру жүргізіледі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары