$ 494.87  520.65  4.91

Ресейде құлдықта болған 13 қырғыз босатылды

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Рязань облысында ресейлік полиция мен Ресей миграциялық қызметпен бірлескен операция туралы мәлімдеді. Наурыз айында Рязаньда тігін фабрикасы қожайыны 13 Қырғызстан азаматының төлқұжатын алып, құлдықта ұстап отыр деген ақпарат алған.

ІІМ хабарлағандай, «Февраль» деп аталатын тігін компаниясына Ресей және Вьетнам азаматы басшылық еткен. Онда әр елден келген жүзге жуық адам жұмыс істеген. Солардың ішінде 13-і Қырғызстан азаматы болған. Оларды Бішкектегі "Берекет" базары жанында делдал арқылы тапқан. Делдал да қырғыз азаматы болған.

Қырғызстан азаматтары еңбек келісім-шартына отырған. Оларға таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін 12 сағат жұмыс істеп, айлықтарыңды айына екі рет аласыңдар деп уәде берген. Сонымен бірге тегін тұратын жер, тегін тамақ және тегін медициналық қызмет көрсетіледі деген. Бірақ қырғызстандықтарды Рязаньға келісімен төлқұжаттарын тартып алып, тәулігіне 20 сағат жұмыс істеткізген.

Түскі үзіліске тек 40 минөт берген. Сол уақытта олар өздері тамақ дайындап үлгеруі тиіс болған. Егер үлгермесе, 5 мың рубль айыппұл салған. Еңбек ақыларын да уақытында төлемеген.

Жұмысшылардың айтуынша, көбі жұмыстан кетпек болған, бірақ оларды цехта күштеп ұстап отырған. Қырғызстан азаматының бірі шыдамай, көктамырын кескен. Әріптестері жедел-жәрдем шақыруды талап еткен. Бірақ цех қожайыны дәрігер шақырудың өзі ақылы деп талап қойған.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары