$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда нөсер жаңбыр мен дауылдан биік талдар құлап жатыр

Алматыда 9 маусымға қараған түннен басталған толассыз жаңбырдан бүгін қаладағы бірнеше көшені су басып, көлік қозғалысы қиындады.

Тұрғындардың әлеуметтік желілерде жазуына қарағанда, әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесі қиылысындағы жолайрықты су басып, көлік кептелісі туындаған. Райымбек даңғылының Бөкейханов көшесімен, Сейфуллин даңғылымен қиылыстарындағы көпірлердің маңында да су жиналып, көлік қозғалысына қиындық тудырған.

Сондай-ақ, қатты дауылдың салдарынан 6 ағаш опырылып, 3 көлікті зақымдады. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Айнұр Дүйсенова айтты.

Оның айтуынша, 9 электр желісі үзіліп, 5 қабатты үш үйдің шатыры ұшып кеткен. 

8 маусымда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 9 маусымда нөсер жауыннан Алматы облысының жекелеген тау өзендерінде су тасқыны болып, сел жүру қаупі барын ескертіп, тұрғындарды таулы аймақтарға бармай қоя тұруға шақырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары