Алматы облысында парапланмен ұшпақ болған ер адам шатқалға құлады деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Республикалық шұғыл құтқару отряды.
Белгілі болғандай, 21 наурыз күні сағат 12:00 шамасында құтқарушыларға Үшқоңыр ауылының маңындағы шатқалға парапланмен ұшқан ер адамның құлағаны туралы ақпарат келіп түскен.
"7 адамнан тұратырн құтқарушылар тобы мен кинолог оқиға орнына шұғыл аттанып, 1 сағатта оқиға орнына жетсе, тағы 20 минутта құлаған адамды іздеп тапты. 26 жастағы ер азаматқа алғашқы медициналық қызмет көрсетіліп, оны Қаскелеңнің медициналық қызметкерлері алып кетті", - делінген аталған хабарламада.