$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте дәрігерлер жаңа туған сәбилерді мың доллардан сатқан

Шымкенттегі №1 перинаталды орталықта жаңа туған нәрестелерді сату фактілері анықталды.

Облыстық қадағалау органының хабарлауынша, дүйсенбі күні бала саудасымен айналысты деген күдікпен перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі мен дәрігер қамауға алынды.

«Әзірге екі адамды қамауға санкция берілді. Бірақ, қылмысты тұтас бір топ жасаған», - дейді прокуратура өкілі.

Айтуынша, перзентхана қызметкерлері анасы бас тартқан балаларды сатқан. Оларға түрлі себептермен бала сүйе алмай жүрген отбасылар іздестіріліп, бала бірден асырап алушылардың атына тіркеліп отырған. Бұл «қызмет» үшін асырап алушылар 1-3 мың доллар көлемінде төлеген көрінеді.

Бала сатып алғысы келетін отбасылар Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, өзге өңірлерден де табылыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары