Жаңалықтар 23.03.2018 сағат 05:15  1032

ОҚО-да жас жігіт пен қыз тауда адасып кетіп, бір күннен кейін табылды

Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары тауда адасып кеткен қыз бен жігітті құтқарды, деп жазады sputniknews.kz ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

21 наурыз күні сағат 20:00-де ОҚО құтқарушыларының пультіне тауда жүрген 2001 жылғы жігіт пен қыз адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 

Телефон арқылы хабарласқан жастар нақты координаттарды атай алмаған, салдарынан іздеу жұмыстары қараңғыда қиындай түсті. 

Бүгін таңғы 10:30-да ТЖД жедел-құтқару отрядының құтқарушылары қыз бен жігітті Қазығұрт ауданында, Қазығұрт тауынан тапты. Азаматтар аман-есен туыстарымен қауышты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар