24.03.2018, 17:41

Өзбекстандық дәмханалар ұзақ уақыт бойы мыңдаған адамды есек етімен тамақтандырып келген (ВИДЕО)

Ферғана қаласында есек сойып, етін сатумен айналысатын қасапхана табылды. Белгілі болғандай, есек етінен дайындалған тағамдар қаладағы бірнеше дәмханада сатылған және тұрғындарға сиыр және қой еті деп алдап берілген деп жазады Nuz.uz.

Еті харам саналатын малдың әрбірін үш адамнан құралған қылмыстық топ 250-300 мың сомнан сатып алып отырған және сойғаннан кейін әр келісін 25-30 мың сомнан сатып келіпті. Етті негізгі тұтынушылары Тошлок ауданындағы "Ягона дәмханасы мен Ферғана қаласындағы Мурод Тургуновтың асханасының клиенттері.

Прокуратура қызметкерлері анықтағандай, есек етінен самса және кәуап әзірленіпті. Кейде өзге де тағамдарға пайдалана берген. Аспаздар мен рестораторлар еттің қандай малға тиесілі екенін өте жақсы біледі дейді прокурорлар. Яғни, аталған дәмхана иелері клиенттеріне ненің етін беріп келгендерін өте жақсы біледі екен. Сондықтан, қылмыстық іс барысында олардан да сұрау болары сөзсіз.

Ал, медиктер болса есек етін жеген адамдар түрлі ішек ауруларын, тіпті бруцеллез жұқтыруы мүмкін екенін айтып отыр. Қазіргі таңда күдікті үш азамат та ұсталып, тергеуге алынды.