$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордадағы атыстан зардап шеккен жігіт қайтыс болды (ВИДЕО)

Бүгін Қызылорда қаласының қақ ортасында жас ер азаматтардың арасында атыс болып, бір адамның жарақат алғанын айтқан болатынбыз. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген жігіт қайтыс болды деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Сол мезетте "іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалуы, 4 дəрежелі геморрагиялық шок" деген диагноз қойылды. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Алайда, көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан жарақаттанған азамат 27 наурыздың кешінде көз жұмды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Еске салайық, бұған дейін қалалық ішкі істер басқармасы аталған жайтқа қатысты "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғаған болатын. Ол кезде жәбірленуші әлі тірі болған. Енді бұл іс "адам өлтіру" бабына алмастырылуы тиіс.

«ҚІІБ кезекші бөліміне Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында  бұзақылық  орын алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекеті анықталды. Нәтижесінде қаланың 1 тұрғыны дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа (ОМО) жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 259 бабы, 3 бөлігі, "бұзақылық" фактісібойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда, күдіктілер, бұзақылық әрекеттің мүшелері ҚІІБ жеткізілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланыстыолар туралы мәліметтер жария етілмейді», - деді брифинг барысында ОІІД бастығының орынбасары Н.Анарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары