$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-та мұғалім 13 жастағы оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен

Аризона штатында мектеп мұғалімі 13 жастағы оқушысын азғындап, кейін онымен жыныстық қатынасқа түскен деп жазады New York Post.

27 жастағы Бриттани Замора 1 ақпаннан 8 наурызға дейінгі аралықта оқушымен өз көлігінде үш рет жыныстық қатынасқа түскен. Баланың айтуынша, мұғалім алдымен оған өзінің жалаңаш суреттерін жібере бастаған екен және күн сайын азғындық сипатындағы sms хаттарын жазған екен.

Баланың мұғаліммен жыныстық қатынаста екенін ең бірінші болып ата-анасы біліп қойыпты. Ұлдарының телефонын тексерген олар жағаларын ұстағандарын жасырмай айтып отыр. Ерлі-зайыптылар дереу мектеп басшылығына хабар беріп, артынша полицияға арыз жазған. Мұнан кейін Бриттани Замора қамауға алынды.

Мұғалім сотқа дейін кепілмен босау үшін 250 мың доллар төлеуі тиіс. Ақша таппаған жағдайда тергеу абақтысында отырады. Ал, оның күйеуі болса жәбірленген тараптан кешірім сұрап, әйелінің екінші мұндпай қадамға бармайтынын айтып ақталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары