$ 498.55  524.28  4.75

«Жүріп-тұруым қиындай бастады, мен қартайдым»: Алла Пугачева жағдайының мүшкіл екенін жасырмады

Осыдан бірнеше күн бұрын Ресейдің примадоннасы Алла Пугачева НТВ телеарнасындағы «Ты не поверишь» бағдарламасында өзінің қартайғанын және ауырып жүргенін мойындады. Бұл туралы даңқты әнші өзінің Instagram-парақшасында да жазған көрінеді.

Парақшасына ол: «Адамдар, мен күн сайын қартайып барамын. Ағзамның жұмысы әлсірей бастады. Жүріп-тұруым қиындай бастады. Бірақ мен әлі тірімін. Кішкентай сәбилерім үшін өмір сүруім керек», - деп жазыпты. Тележоба журналистері болса әншіден «осынау жазбаны өз қолыңызбен жаздыңыз ба» деп сұрағанда Пугачева: «Әрине, қартайғаным рас» деп жауап берді.

Осы жылдың сәуір айында Ресей примадоннасы 69 жасқа толды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары