Осыдан бірнеше күн бұрын Ресейдің примадоннасы Алла Пугачева НТВ телеарнасындағы «Ты не поверишь» бағдарламасында өзінің қартайғанын және ауырып жүргенін мойындады. Бұл туралы даңқты әнші өзінің Instagram-парақшасында да жазған көрінеді.
Парақшасына ол: «Адамдар, мен күн сайын қартайып барамын. Ағзамның жұмысы әлсірей бастады. Жүріп-тұруым қиындай бастады. Бірақ мен әлі тірімін. Кішкентай сәбилерім үшін өмір сүруім керек», - деп жазыпты. Тележоба журналистері болса әншіден «осынау жазбаны өз қолыңызбен жаздыңыз ба» деп сұрағанда Пугачева: «Әрине, қартайғаным рас» деп жауап берді.
Осы жылдың сәуір айында Ресей примадоннасы 69 жасқа толды.