10.06.2015, 18:00

Он күннің ішінде балаларға жыныстық қысым көрсетудің 16 фактісі тіркеліп үлгерген

ortcom.kz

Қазақстанда соңғы бес жылда жыныстық зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің саны екі есеге өсті, деп хабарлады бейсенбіде республика бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ведодмствоның мәліметінше, бейсенбіде Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы болып өтті. 

"Бұл тұрғыда әсіресе сәбилерге жасалып жатқан ауыр қиянаттың артуы айрықша алаңдаушылық тудыруда. 2010 жылы 491 сәби, ал 2014 жылы 943 сәби түрлі қаныпезерлердің құрбанына айналған. Бүгіннің өзінде осындай жан түршігерлік оқиғалар күн сайын тіркелуде. Үстіміздегі айдың басынан бері кәмелетке толмағандарға жыныстық қысым көрсетудің 16 фактісі тіркеліп үлгерген", - деп келтіреді Даулбаевтың сөзін баспасөз қызметі. 

Бес жыл ішінде жыныстық тиіспеушілікке қатысты үш мыңға жуық (2 988) қылмыстық құқық бұзушылық ашылмай қалған, оның ішінде 605 қылмыс кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған.