30.03.2018, 04:46

ШҚО-да 33 елдімекенді су басқан

Шығыс Қазақстан облысындағы 16 ауданның барлығы да тасқын судан зардап шеккен. Аталған аудандарға қарасты 33 елдімекен тұрғындары бүгінде табиғи апатпен күресуде.

Су басқан 33 елді мекеннің ішінде Өскемен, Семей, Аягөз және Шемонаиха сынды қалалар да бар. Кешегі тәулік ішінде апат салдарымен күреске Төтенше жағдайлар комитетінің жеке құрамынан 500 адам жұмылдырылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тасқын салдарын жою жұмыстарына 116 техника, 54 су соратын құрал, 7 қайық қолданылғанын хабарлады. Департаменттің дерегіне сүйенсек, бүгінге дейін 897 үйден су қайтқан. Глубокое ауданында 22 үй, Шемонаиха ауданында 4 үй әлі су құрсауында тұр.