Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы орталық мешіттің бұрынғы бас имамы үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Қызметін атқарып жүріп терроризмді насихаттап және осындай мазмұндағы материалдарды таратып, уағыздағаны үшін Абдулрапи Рахматуллаевқа ҚР ҚК-нің 174 бабы 2-ші бөлігімен айып тағылған.
Дәл осындай сипаттағы айыптармен, яғни әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттайтын хабарламалар таратқаны үшін Сайрам ауданының тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Дастанбек Белдімұратовқа ҚР ҚК нің 256 бабы 1-ші және 2-ші бөліктерімен айып тағылған. Ол «ВК» әлеуметтік желісі мен Ватсап телекоммуникациялық желісінде терроризмді насихаттаған.
Дереккөз: Otyrar.kz