Әліби Жұмағұловты ұрып-соқты деп айыпталған кәсіпкер Қайрат Жамаливтің ісі бойынша алғашқы сот отырысы ашық түрде басталды.
Сот отырысы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ербол Рахмбековтың төрағалығымен өтуде.
Әңгімелесушінің айтуынша, Жамалиев бірқатар бап бойынша айыпталып отыр: ҚР ҚК-нің 126-бап 2-бөлімі 1, 3- тармақтары; 121-бап 2-бөлімі 1-тармағы; 194-бап 4 —бөлімі, 2-тармағы бойынша.
126-бап — "Алдын ала сөз байласып адамдар тобымен адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру", 121-бап — жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе зорлық іс-әрекеттер. 194-бап — "Бопсалау".
Сәуірдің аяғында Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.