03.04.2018, 04:30

АҚШ-та мұғалімдер көтеріліске шығып, 100 мектеп жабылып қалды

АҚШ-тың Оклахома және Кентукки штаттарындағы 40 мыңдай мұғалім көтеріліске шықты. Олар жалақыларының өсуін талап етіп, білім жүйесіне көбірек қаржы бөлуді ұсынды деп жазады Reuters.

Мұғалімдер білім жүйесін қаржыландыру керектігін талап етті. Өйткені оқушылар осыдан 20 жыл бұрынғы ескі кітаптар бойынша білім алып жатыр екен. Және қаржының тапшылығынан кейбір мектептер аптасына төрт күндік кестемен ғана жұмыс істейтінін жеткізді.

Жалақы аз болғандықтан, кейбір мұғалімдер кафе, дүкендерде жұмыс істеуге мәжбүр. Оклахомадағы ұстаздардың орташа жылдық табысы 31-42 мың долларды құрайды екен. Мұғалімдер кәсіподағы жалақыға тағы 10 мың доллар қосуды талап етті. Сондай-ақ, білім жүйесін қаржыландыруды сұрап, оған қосымша 200 млн доллар бөлуді ұсынды. Ал, Кентукки мұғалімдері зейнетақы жүйесінің өзгеруіне өз қарсылықтарын білдіруде.

Көтерілістен кейін жүздеген мектеп жабылып қалған.