03.04.2018, 10:01

Жезөкшенің бір жылдық табысы 1 миллион долларды құрайды

20 жастағы Алиса Литтл қазіргі кезде АҚШ-тағы ең төлемі жоғары жезөкше болып танылады. Ол жылына 1 миллион доллар табыс табады екен. Stylecaster.com-ға берген сұхбатында жеңіл жүрісті қыз өзінің клиент таңдамай, шақыртқан кез келген адамға қызмет көрсете беретінін айтты.

«Мен еркекпен де, ерлі-зайыптылармен де, тіпті жалғызбасты әйел, пәк қыздармен және жесір әйелдермен де жыныстық қатынасқа түсе беремін», - дейді Алиса. Оның негізгі мамандығы психолог, алайда жезөкшелікпен айналысу өзіне қатты ұнайды екен. АҚШ-тағы Moonlite Bunny Ranch деп аталатын ең ірі бордельде жұмыс істейді. Былтыр оның жылдық табысы 1 миллионға жетіпті.

Алиса өзінің жұмысын жиіркенішті деп санамайды, өзінің пікірінше жезөкшелік арқылы ол адамдарға көмектесіп жүрмін деп ойлайды.

«Менің жұмысым тек секс деп ойлайтын боларсыздар. Бірақ қателесесіздер. Мен тәнімді сатпаймын, адамдарға жақындық сыйлаймын», - деп ағынан жарылды ол.

Алғаш жұмысқа кіріскен күннен бастап көп клиентке ие болған Алисаның жезөкшелікте жүргеніне екі жыл болыпты. Күніне 12-14 сағат жұмыс істейді екен. Жылына 2,5 мың долларын мүшеқап алуға, маникюрге, спортзалға жұмсайтынын жасырмайды.