11.06.2015, 18:00

Жасөспірімдер арасында суицид көбейіп барады

www.taday.ru

Соңғы кезде жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаушылар көбейіп барады. Қоғамның қателігі қай жерде? Ата-аналар қай жерден қателік жіберіп жүр? Бүгін тағы бір жас жігіт сегізінші қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

"Шамамен 07.00-де Астана ІІД ОЖБ-ға Иманбаев көшесінің бойындағы үйлердің бірінде ер адамның сегізінші қабаттағы пәтерінің терезесінен секіріп кеткені жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Астана қаласының 1991 жылғы азаматының аты-жөнін анықтады", - дейді елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қалалық ауруханаға жеткізілген ер адамның алған жарақатынан қайтыс болғаны хабарланды. Осы дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді. "Ер адамның бұл іске не себепті барғаны анықталып жатыр", - деді ІІД өкілдері.

Бұған дейін мамыр айында Астанада екі оқушы қыз тұрғын үйдің 11 қабатынан секіріп көз жұмған еді.  Ал Бас прократура елімізде жыл басынан бері 86 жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсағанын айтып отыр.