$ 443.37  474.49  4.83

Астанада 21 жастағы жігіт жоғалып кетті

Астанада 21 жастағы Ақжан Мәделхан есімді жас жігіт із-түссіз жоғалып кетті. Бұл турады Қазақпарат ХАА жазды.

Жігіттің анасының айтуынша, ол үйден 4 сәуір күні түс кезінде шығып кетіп, қайта оралмаған. Соңғы рет оны Сығанақ көшесіндегі «Пекин Палас» қонақүйінің маңында көрген. Жігіт сағат 18-19 шамасында «Еуроцентр» бизнес орталығынан үйіне қарай шыққан. Содан бері телефоны сөндірулі.

Үстінде қаракөк түсті күрте, олимпийка және трико, иығында сөмкесі (рюкзак) болған. Туыстары полицияға хабарласқан. Көрген-білгендер болса, анасының 87012140097 нөміріне, полицияның 87782222348 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары