Ер азаматтың мәйіті бүгін сағат таңғы 8-де қаланың Айтиев көшесіндегі «Шебер» базарынан табылған деп жазады «Мой город» порталы.
Өлген еркекті таңертең базарды сыпырып жүрген аула тазалаушысы Марат Қажымұқанов тауып алған. Шошынған ол дереу күзетшіні шақырып, кейін екеуі полицияға хабар беріпті.
Өлі дене табылған аймақ қазіргі уақытта қоршауға алынған. Оқиға орнында тергеушілер мен криминалды полиция мамандары жұмыс жүргізіп жатыр.