$ 443.35  475.54  4.82

Мұғалім оқушының бетінен 8 рет шапалақпен ұрып, басы бәлеге қалды (ВИДЕО)

Сабақтың үстінде кішкентай баланың бетінен 1 емес, 8 мәрте ұрған мұғалімнің басы дауға қалды. Бұл жайтты өзге оқушы бейнекамераға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге таратып жіберген.

Оқиға Қытайдың Цяньань уездіндегі мектептердің бірінде болған. Әр ұрған сайын «түсіндің ба?» деп сұраған мұғалімге еш қарсылық білдірмеген оқушы «иә» деп жауап береді. Мұның қай уақытқа дейін жалғасықаны және оқушыны нендей себеппен ұрғаны белгісіз.

Әлеуметтік желіге тарап кеткен бұл бейнежазба жергілікті тұрғындардың ашуын туғызып отыр. Олар оқушыға қол көтерген мұғалімге жаза қолдануды талап етіпті. Бірақ заң органдары оған әлі ешқандай шара қолданған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары