Астаналық полицейлер аялдамада отқан ер кісіні аяусыз тепкілеген жігітті қолға түсірді деп хабарлады елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
"Шұғыл іздеу шаралары барысында ер адамды соққыға жыққан 30 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазір оның үстінен тергеу амалдары жүріп жатыр", - делінген аталған хабарламада.
Полицейлер сондай-ақ, жәбірленген адамды да іздестіріп жатыр. Есте болса, бұған дейін әлеуметтік желілерде егде тартқан ер адамды аяусыз тепкен жігіттің видеосы жарияланған болатын. Оқиғаның Астанадағы Уәлиханов көшесінде болғаны жазылған.