$ 498.34  519.72  4.85

Тротуар салуға бөлінген 3 миллион теңге қайда? Ақтөбедегі ауыл тұрғындары балшыққа батып отыр (ВИДЕО)

Ақтөбе іргесіндегі Новый деп аталып кеткен елдімекеннің тұрғыны жол жағасындағы тротуардың осыдан жарты жыл бұрын бұзылғанын, алайда, қомақты қаражат бөлінсе де әліге дейін қайта салынбағанын айтып, жергілікті билікке шағымданды. Ол өзінің шағымын видеоүндеу ретінде Instagram әлеуметтік желісі арқылы жеткізген.

Видео авторының айтуынша, аялдама маңындағы жолды жөндеп, оған тротуар төсеу үшін жалпы сомасы 9 миллион теңге бөлінген көрінеді. Жай ғана тротуардың өзіне 3 миллион теңге жергілікті бюджеттен қаралған дейді ол. Алайда, жарты жыл өтсе де не жол жоқ, не ақша жоқ.

«Новый кенті осы жылдың қысында қоршалған болатын. Содан кейін ешнәрсе жасалған жоқ. Барлық жер балшық, өліктер жатыр. Трубаларды қойған компания артынан жолдарды да жөндеуі керек еді. Бірақ мұны ауыл әкімі тексерген де жоқ», - деп жазады автор.

Алайда, бейнежазбаны көрген қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері тротуарға және жол салуға ешқандай қаражат бөлінбегенін ескертеді. Сондай-ақ, сол мекен-жайға жедел жеткен Ақтөбе қаласының тазалығын қарайтын компания автор көрсеткен аялдамада ешқандай да жануар өлігі жоқ екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары