Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы №10 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушысы 7 сәуірде көршілес №29 мектепте оқитын құрдасын пышақтап өлтірген деп жазады centralasian.org. Оқиға болған уақытта мектеп ұстаздарының барлығы қала әкімдігі жариялаған сенбілікте жүрген.
Әндіжан қаласындағы №29 орта мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Мұхаммадасрор Собиров 7 сәуірде көршілес №10 мектептің ауласында пышақтап өлтірілді. Бұл ақпаратты Әндіжан қаласы ішкі істер басқармасының қызметкері растады.
"Көрші мектептің оқушылары дауласып қалған, себебі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, Собировтен сөз естіген Ш.А. оны көрші мектептің ауласына шақырған. Бесінші сабақтан шыққан ол құрдасының жүрек тұсына пышақ сұққан. Мұхаммадасрор Собиров сол жерде көз жұмған", – деді құқыққорғау органының қызметкері.
Оның айтуынша, №29 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша инспекция тізімінде тұрған.
"Қазір бұл іспен тергеуші айналысып жатыр. "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", - деді ол.
Мектеп оқушысының өлімі кезінде мұғалімдер қала әкімдігі жариялаған сенбілікте жүрген, сол себепті оқушылар мұғалімдердің қарауынсыз қалған.