ОҚО Ішкі істер департаментінің өкілдері Сарыағаш ауданы Абай ауылында 2 адамды атқан күдіктіні ұстады деп жазады Today.kz ҚР ІІМ-нің ресми өкіліне сілтеме жасап.
Еске салайық, аталған жайт 9 сәуір күні Абай ауылында болған еді. Атыс салдарынан екі адам жараланып, олардың бірі ауруханаға барар жолда қаза тапты. Екіншісі қазір ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер огның денсаулығы бірқалыпты деп бағалап отыр.
ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ұсталған жігіт қылмысты мойындаған. Ол туралы өзге ақпарат жоқ.