$ 443.85  474.3  4.8

Жаңа туған сәбиін көлікке айырбастамақ болғандар сотталды

Өзбекстаннан көшіп келгендеріне алты жыл болған  екі балалы отбасы  бір мезетте баюды ойлап, жаңа туған нәрестесін көлікке айырбастамақ болған.

«Әйел өзінің жүкті екенін білген кезде ғаламтордағы сайтта әлі дүниеге келмеген баласын 2004-2008 жылдары шыққан автокөлікке айырбастайтыны туралы хабарландыру қалдырады», деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасынан.

Бұл хабарландыруды оқып  жаны түршіккен бейтаныс азаматша баланы тауар ретінде сатқысы келетін әйелдің адамгершілікке жатпайтын әрекеті жайлы полиция органдарына хабарлайды. Кейін полиция қызметкерімен бірге еріп барып баланы сатып алу туралы келіссөздер жүргізеді. Баласын сатпақ болған ерлі-зайыптылар сәбидің орнына «Toyota Camri» көлігін сұрап, қолма-қол ақша алудан үзілді-кесілді бас тартады.

2015 жылғы 27 қаңтарда аталған әйел ұл бала босанып, екі күннен кейін перинаталдық орталықтан шығады және сол күні бейтаныс азаматшаға қоңырау шалып, баланы алып кетуін сұрайды.

Дүниеге енді ғана келген нәрестені құжаттарымен бірге азаматшаға табыстап, оның орнына сенімхат бойынша атына жазылған автокөлікті алады және балаға қатысты еш наразылықтары жоқтығы туралы қолхат жазып береді.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 22 сәуірдегі үкімімен аталған азаматтар ҚР Қылмыстық Кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 1,10-тармақшалары бойынша кәмелетке толмаған адамды сату, яғни сату-сатып алу немесе жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамға қатысты мәміле жасауда кінәлі деп танылды. 

Сот үкімі бойынша мүліктері тәркіленіп, әрқайсысы 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары