11.04.2018, 10:20

Өскемен – Алматы тасжолындағы ірі жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Өскемен - Алматы тасжолында жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысты деп мәлімдейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Жол апаты Таскескен ауылынынан 15 шақырым жерде болды. Жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, жеңіл көлікке соқтығысқан екен. 

"Жеңіл көлік жүргізушісі мен төр жолаушысы, соның ішінде бес жастағы бала алған жарақаттардан оқиға орнында мерт болды, екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – дейді ІІД өкілдері.

Бұл дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тарауы бойынша тіркелді.

Дереккөз: Tengrinews.kz