$ 449.58  486.94  4.86

Астанада жаппай төбелес болды

Астанадағы "Артем" базарының маңында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды АА "Новости-Казахстан".

Куәгерлердің айтуынша, төбелеске бірнеше ондаған адам қатысқан. Төбелес күзетші қыз бен базар маңында қайыр тілеп отырған үш балалы мүгедек әйелдің арасындағы жанжалдан шықты. Оқиға 16 мамыр күні кешкі сағат 17.00 шамасында болды. Полицейлер жиналғандарды үш рет таратып жіберді. Куәгерлер "Артем" базарының бірінші қабаты қирағанын айтты.

Астана ІІД кезекші бөлімі қызметкерлері  қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Полицейлер оқиғаның жәй-жапсары анықталып жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары