Риддерде BMW Х5 жүргізушісі 1999 жылғы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деп жазады Tengrinews.kz ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болған. BMW Х5 жүргізушісі Айдарханов көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншін қағып кеткен. Жол апаты нәтижесінде ер адам жедел жәрдем келгенше қаза болған.
"BMW Х5 жүргізушісінің мас күйде болғаны және оның Риддер әкімінің орынбасары екені белгілі болды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полициядағылар.
Риддердің ІІБ өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ШҚО ІІД басшысы осы жол апаты дерегін ерекше бақылауға алды.