Астана қаласының әкімінің «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы қызметін қоса атқаруы ақысыз негізде жүзеге асырылады, яғни оған ол үшін жалақы және басқа да төлемдер мен сыйақылар төленбейді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметінен.
"Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналысуға тыйым салынады",-делінген хабарламада.
Осылайша, Астана қаласы әкімінің «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы өкілеттілігін қоса атқаруы тегін, ол үшін жалақы және басқа да төлемдер мен сыйақылар төленбей жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасының өкімімен Астана қаласының әкімі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалған еді, осылайша, коммерциялық ұйымды — ұлттық компанияны басқару оның қызметтiк мiндетiне кiреді.