$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісін жол бойында атып өлтірген

Ақтөбе - Орынбор тасжолында цемент араластыратын "Камаз" жүргізушісі өлтірілген деп жазады Tengrinews.kz.

Ер адамның денесі 2018 жылы 19 сәуірде тасжолдың 35-шақырымында көліктің ішінен табылған.

"1966 жылғы жүргізушінің денесі зорлық белгілерімен (қарудан оқ атылған) табылды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Басқа деректер тергеу құпиялылығына байланысты айтылмайды", - деді Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері.

Облыстағы тасжолдарда патрульдеу қызметі күшейтіліп, жағдай құқық қорғау органдарының бақылауына алынды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары