$ 498.34  519.72  4.85

Көңілдесінің мүшесін кесіп тастаған әйел неліктен ондай әрекетке барғанын айтты

Аргентинаның Кордова қаласында 26 жастағы Бренда Бараттини 40 жастағы көңілдесінің мүшесін ол ұйықтап жатқанда кесіп тастаған деп жазады Daily Mail. Өйткені ер азамат екеуінің жыныстық қатынасы түсірілген видеоны достарына көрсетіпті.

«Серхио Фернандес екеуміздің жыныстық қатынасқа түскен сәтіміз түсірілген видеоны достарына көрсеткен. Бұл қылығы менің жаныма батты. Бірақ мен оның мүшесін толықтай кеспедім, тек жарақаттадым. Оған жамандық істегім келмеді, сол үшін көмекке дәрігерлерді шақырдым», - дейді Бренда.

Бұл оқиға өткен жылдың күзінде болған. Десек те, қамауға алынған әйел еркегінің мүшесін неліктен кескенін енді ғана айтты.

Алғашында Бренда бұл қылмысқа еркек оны жыныстық қатынасқа күштегені үшін барғанын айтқан. Бірақ полиция қызметкерлері жыныстық акті екі жақтың келісуі бойынша болғанын анықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары