Алматы облысында Талғар қаласының 27 жастағы тұрғыны «Мерседес» көлігін айдап әкетті деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Алматы облысының ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Нақтырақ айтқанда, 17 маусым күні Талғар ауданының полицейлеріне көлік иесі жолаушы ретінде мінген жас әйел көлікті айдап әкеткені туралы арыз жазған.
«Арызданушының айтуынша, жол жиегіне тоқтап бір сәтке дүкенге кіріп кеткен уақытта күдікті машинаны айдап әкеткен. Тәулік ішінде жәбірленуші көлікті өзі іздеп-табуға тырысқан. Таба алмаған соң полицияға шағым түсірген. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, Талғар АІІБ жеткізілді», делінген хабарламада.
Көлікті заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алматы облысы бойынша әйел адамдардың көлік айдап әкету оқиғасы осы жылдың өзінде 7 рет тіркелді.