Қазіргі таңда шағын ауданда жылумен қамту магистралінде орын алған ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 27-30 сәуір аралығында Сарайшық және Космонавтов көшелерінің бойында жатқан Арай көшесінің аралығындағы қозғалысқа шектеу енгізіледі.
«Арай көшесінің Сарайшық және Космановтов көшелерінің бойында жатқан аралығы 27 сәуірдегі сағат 15:00-ден бастап 30 сәуірге дейін, яғни апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жабық болады», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы көлік басқарушыларына өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, аталған ауданға бару үшін баламалы Косманавтов, Ермеков, Тайбекова көшелерінің учаскелерімен қозғалуға кеңес береді.