$ 448.81  476.82  4.77

Ресейдің артынша Иран да Telegram мессенджерін бұғаттады

Иран билігі Telegram мессенджерін бұғаттады. Бұл туралы Иран басылымдарына сілтеме жасаған Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Иран мемлекеттік телеарнасы бұл шешімді "ел болашағы үшін пайдалы. Мессенджерге жергілікті азаматтардан түскен шағымнан кейін және ел қауіпсіздігі үшін ел билігі мессенджерді бұғаттады" деп мәлімдеген.

Telegram мессенджерінің бұғатталғаны туралы Иранның күштік құрылымдарына қарайтын Mizanonline ақпарат агенттігі де растады.

Сәуірде Иран билігі мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салған. ​

Бұған дейін Ресей де Telegram месенджерін бұғаттаған. Осыған байланысты бүгін Мәскеуде мыңдаған адамның қатысуымен наразылық акциясы өтті.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары