Орал-Атырау трассасында автобус пен жүк көлігі соқтығысты деп жазады «Мой город» порталы. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 2 мамырға қараған түні сағат 00.30-да Ақжай ауданындағы Лбищенск ауылында болған.
Куәгерлер апаттан кейінгі жағдпайды камераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратуда. Видеокадрлардан көліктердің қираған қалдықтарын ғана көруге болады. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатынан екі адам көз жұмған.
«Автобус пен жүк көлігінің екі жүргізушісі жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Олардың Өзбекстан азаматы екені анықталды. Ал жарақаттанған тағы бір адам Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жеткізілді», - деді басқарма өкілі.