$ 498.34  519.72  4.85

Оралда кәріз жүйесін жөндеу кезінде экскаватор шұңқырға түсіп кетті

«Батыс су арнасы» ЖШС-ға тиесілі экскаватор «Беркут» жанармай бекетіне қарама-қарсы жатқан Шолохов көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шұңқырға түсіп кетті деп жазады «Мой город» порталы.

Компанияның басшысы Нұр Тілеуғалиевтің айтуынша, экскаватор жұмыс кезінде шұңқырға құлап кеткен.

– Бұл жер негізі тегіс болатын. Сөйтсек, жердің астында қуыс бар көрінеді. Экскаватор сол жерге құлаған. Қазір осы жағдайды қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді коммуналдық қызмет көрсету компаниясының директоры.

Еске салсақ, 30 сәуір күні Оралда кәріз коллекторының жарылуына байланысты қала тұрғындары сусыз қалып, үйлерге арнайы су жеткізілген болатын. Коммуналдық қызмет көрсету орталығы жарылған құбыр 7,5 метр тереңдікте жатқанын айтып, біраз қиындықтардың барын мәлімдеді. Қазіргі кезде 70 мыңға жуық тұрғын суық сусыз отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары