21.06.2015, 18:00

«Smart Astana» тұғырнамасы бойынша тағы бірнеше жоба іске қосылды

Фото: dentons.com

Елбасы Астананы болашақ қаласы ретінде дамытудың «Smart City» – «Ақылды қала» халықаралық форматының «Smart Astana» жобасын 2017 жылға дейін іс жүзіне асыру міндетін қойған болатын. Міне, осы келелі міндетті орындау мақсатында Астана қаласының әкімдігі «Smart Astana» тұғырнамасы аясында бірнеше ірі жобаны іс жүзінде асыруда.

«Smart Astana» жобасының басты мақсаты елорда тұрғындарының тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын арттыру, Астана қаласының инфрақұрылымын жақсарту және одан әрі жаңғырту қоғамдық көлік, қоғамдық қауіпсіздік шараларын іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл заманауи жобаның негізгі операторы – «Astana Innovations» АҚ. «Astana Innovations» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлтайыр Уызбаевтың айтуынша, компания жұмысы негізгі үш бағытта – инновациялық стартаптарды қолдау, «Smart Astana» бағдарламасын жүзеге асыру, сонымен бірге, Астана қаласының тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесін (ТҚКҚЖ) дамыту бойынша кешенді жұмыстар атқарады. Компания жұмыстарын енді бастаған стартап-компанияларға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Ә.Уызбаевтың айтуынша, «Smart Astana» бағдарламасының шеңберінде «Smart БЕО», «Smart мектеп», «Smart емхана», «Smart көлік», «Smart автотұрақ», «Smart ТКШ» және «Smart жарықтандыру» жобалары қолға алынған. Бұл жобаларды жүзеге асыру инвестициялық қаржылардың есебінен жүргізіледі.

Сонымен бірге, «Astana Innovations» АҚ елорданың тіршілік қызметін кешенді қамтамасыз ету жүйесін жүзеге асыруда. Бұл жүйенің басты мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін арттыру, қаладағы көлік қозғалысының жағдайын жақсарту. ТҚКҚЖ жобасы шеңберінде қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету саласында жаңа технологиялар қолданылуда. Атап айтқанда, автоматты әсер ету және елорда аумағында құқық бұзушылықтарды, лаңкестік қауіптерді тіркеу жүйесі бүгінгі таңда күндізгі және түнгі көріністі 223 бейнебақылау камераларымен қадағаланады.

Кешенді бағдарлама аясында білім беру саласында «Болашақтың мектебі – бүгін» ақпараттық жүйесі» жобасы Астана қаласының 17 мектебінде қанатқақты жоба ретінде іске асыруда. Жоба бойынша бар­лық оқушылар электронды куәлікпен қам­та­­масыз етіледі, олардың көмегімен оқу­шылар мектепке және басқа да орындарға барғанда қолжетімді автоматты бақылау жүргізіледі, мектеп бірде және бұқаралық кітап­ханаларда кітаптарды тіркеу және алу­ шаралары қамтамасыз етіледі. Қазір бұл­ жобамен 22 906 оқушы қамтылған. Жоба­ жұмыс істей бастағаннан бері ата-ана­лар оқушылардың мектепке келуі және ке­туі жөнінде 7 536 656 смс-хабарлама ал­ған. Е-кітапхана модулінде 59 132 кітап тіркелген, оқушылардың оларды пайдалану мәселелері автоматты түрде есепке алынып отырады. Бағдарлама бойынша бұдан басқа да шаралар атқарылуда.

Денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында «Бірыңғай медициналық ақпараттық колл-орталық 113» жобасы іске асырылуда. Ол қанатқақты режімде Астана қаласының әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№10 қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізілуде.

Елорда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындықты ескеріп, ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Компьютерлік графика саласында үздік 3D технологияларын тарту және технологиялық мәліметтерін қолдану үшін «3D технологиялары құзыретті орталығы» ашылды. Осы орталық шеңберінде ЭКСПО-2017 қалашығы құрылысы аумағының инфрақұрылымын және 3D үлгісін, сондай-ақ, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы индустриялық паркінің виртуалды үлгісі құрылды. Осы бағыт бойынша Астана қаласының коммуналдық қызметі үшін 3D CAVE виртуалды жүйесінің жерасты коммуникациясы үлгісінің тұсаукесері өткізілді.

«Ақылды қала» әлемдік үрдісінің Астанадағы ауқымды жобаларының шеңберінде атқарылатын тағы бір ірі жоба – «Интеллектуалды көлік жүйесі» (ИКЖ) қанатқақты жобасы болып табылады. ИКЖ қанатқақты жобасы көшелерімен күн сайын 500 мыңға жуық көлік қатынайтын елорда үшін ауадай қажет. Тар жолдардың ұзына бойы автомашиналар қойылатын көлік тұрағына айналған, көлік кептелісі жиі болатын Астана қаласының көлік инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай қайта құру – уақыт талабы. Мамандардың айтуынша, ИКЖ қанатқақты жобасы аясында қала көшелерінде «ақылды бағдаршамдардың» жаңа технологиялық жүйесі енгізілуде. Бір көше қиылысында көліктер көп жиналып, кептеліс орын алатын болса, барлық бағдаршамдар оған жедел үн қатып кептелісті жоюға жұмылады. Яғни, «ақылды бағдаршамдар» көлік тасқынын тиімді реттей отырып, қала көшелерінде жол қозғалыстарын реттейді. Сонымен бірге, жаңа жол салған кезде жол қозғалысы үшін қанша жолақты қатынас қажет екендігін де осы жүйе арқылы белгілеуге болады. ИКЖ қанатқақты жобасы елордадағы көлік қозғалысының жаңа жүйесін жасауда қоғамдық көлік қозғалысына басымдық беретін болады.

Қорыта айтқанда, Астана қаласында инновациялық қызметті дамыту және қолдау мақсатында 16 әртүрлі ірі жоба іске асырылуда. Осы бағдарлама аясында индустриялық-инновациялық қызметтің 15 субъектісіне технологиялық бизнес инкубациясы бағыты бойынша қолдау көрсетілуде. Инновациялық жобаларды өмірге енгізу нәтижесінде ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келетін қонақтарға Астана қаласы «ақылды қалалардың» көшбасшысы ретінде қалтқысыз қызмет көрсету орталығы болмақ.

«Smart Astana» жобасының мақсаты:

Астана қаласы халқының өмір сүру сапасын арттыру;

Астана қаласының  ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда;

Астана қаласының басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

Жобаның міндеттері:

«Ақылды қала» қағидасына сәйкес: * жолдарымен Астана қаласының инфрақұрылымын және басқа да тыныс-тіршілік салаларын жаңғырту

 Қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық инновациялық

технологияларды қолдана отырып қалалық құрылымдар, шаруашылық жүргізуші субъектілер, халық және қаланы басқару арасында үйлестіруді жақсарту үшін интеграциялық тұғырнама жасау;

«Смарт-технологоилар»  негізінде инновациялық шешімдерді іске асыру;

Astana Smarter City Solutions Centre (бұдан әрі - ASCSC) Астаналық «смарт технологиялар» шешімдер орталығын құру;

Бірыңғай қалалық басқару орталығын құру;

Жалпықалалық  және Астана қаласының сипаттамаларға,факторларға «ақылды қала» индикаторларына сәйкестігіне әлеуметтік –экономикалық  даму көрсеткіштерінің  онлайн-мониторинг  жүйесін құру;

Астана қаласының  әлеуметтік – экономикалық  даму көрсеткіштер мәліметтерін автоматты жинау және сақтау;

«Ақылды қала» индикаторларының көлемін  жақсартуға  ұсыныстар жасауға  Мәлімет өңдеу  алгоритмін енгізу;

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын автоматты бақылауы,берілген сын «ақылды қала » индикаторларына сәйкес;

Қоғамдық қауіпсіздік деңгейін көтеру.

Әдіснама:

«Smart Astana» жобасының даму моделі негізінде 6 сипатаманың іс-әрекетінде негізделген  Еуропалық «ақылды» қала даму моделі алынған.

Ақылды басқарма (Smart Governance);

Ақылды экономика(Smart Economy);

Ақылды мобилділік (Smart Mobility)

Ақылды қоршаған орта (Smart Environment);

Ақылды адамдар (Smart People);

Ақылды тыныс-тіршілік (Smart Living).

«Ақылды қаланың» аталған әдіснамасы қаланың «ақылды қала» ретінде жетілгендігін өлшеуге мүмкіндік беретін, 74 индикатордан тұратын 31 факторға бөледі.

«Ақылды қаланың» алғышарттары бес жобадан тұрады. Бұл бес инновациялық жоба денсаулық сақтау, білім беру және ақпараттық технологиялар саласына тікелей қатысты.

Алғаш болып іске қосылған «Open Wi-Fi» жо­басы – Wi-Fi нүктелерін орнату арқылы ха­­лықты тегін интернет желісімен қамтуға ба­ғыт­­талған. Жобаның бірінші кезеңі 2011 жылы сол­ жағалауда бастау алды. Екінші ке­­зе­ңінде елор­­даның тарихи ескі бөлігіндегі қо­­ғам­­дық орын­­дар қамтылды.

Ең алғаш Wi-Fi нүктесі Есілдің сол жаға­­ла­уын­­­­дағы «Нұржол» саябағында қолданысқа ен­­генін айту керек. Тегін интернеттің осындай 16 желісі іске қосылғаннан кейін оның жыл­­дам­дығы едәуір артып, халықтың көңілінен шық­ты. Бүгінде жоба шеңберінде Астананың көп­­те­ген орындарында ғаламтор арқылы ақпарат ал­масуға мүмкіндік жоғары. Мәселен, Wi-Fi нүк­­телері қалалық циркте, астаналық саябақта, «Қа­­зақ­­стан» орталық концерт залында, Тәуел­сіз­дік са­райында, Бейбітшілік және келісім са­райында, «Шабыт» сарайында, «Астана-Арена» стадионын­да, «Алау» мұз айдынында жә­не барлық ойын-сауық орталықтарында ор­­натылған. Қала тұрғындары мен қонақтары осы­­лайша кез келген уақытта ин­тер­­нетті пайдалана алады.

2012 жылы да ауқымды жұмыс­тар атқарыл­ды. Қаланың қоғамдық орын­дары мен ғима­­рат­­тарына Wi-Fi нүктесінің барлығы 296 құ­­­­рылғысы орнатылды. Сонымен бұл­ жоба тәмамдалып, қаланы те­­гін ин­­тер­­нетпен қамтама­­сыз ету жұ­­мыс­­тары сәтті аяқталды. Нә­­ти­­же­сін­де тәулігіне 20 мың адам Wi-Fi нүк­­тесін тегін пайда­­ла­нады екен.

«Болашақтың мектебі – бүгін» жо­­басы Астана мектептеріне ке­шен­­ді қауіпсіздік жүйесін енгізу­ге арналған.

Оқушыларға берілетін көп функ­­­ция­­лы­­ элек­­тронды куәлік мек­­тепке келген және мектептен қайтқан уақытта ата-аналарына sms арқылы хабар беріп отырады. Жоба болашақта мектептегі тамақтануды немесе қоғамдық көлікте жүру ақысын төлеу қызметтерін атқара алады. Бүгінде аталмыш жобаның қанатқақты нұсқасы №54 мектеп-лицейіне тәжірибе ретінде іске қосылды. Жобаның екінші кезеңі қаладағы 10 мектепте енгізіледі. Сонымен қатар, «Е-асхана», «Е-кі­тап­хана» және «Бейнебақылау» жобалары да жү­зе­­ге асып, жоба аясы кеңейе бермек.

«Ақылды қаланың» ақылды қадамы – «Е-же­дел жәрдем». Ол­ жедел медициналық жәрдем қыз­­­метінің сапасын арттыруды діт­­тейді.

Бүгінде тұжырымдама аясында 59 жылжыма­­лы медициналық жедел жәрдем бригадасы­ электронды планшеттік құрылғылармен жарақтан­ды­рыл­­ды. GPS-навигатор, IP-телефония және элек­­тронды медициналық анықтамалық – негізгі үш функцияны атқарады. GPS-навигатор жедел жәрдем бригадасына қала көшелеріндегі кептелістен айналып өтіп, жүру уақытын қыс­­қар­­­туға мүмкіндік береді. IP-телефония арқылы па­­циент­­пен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі бар. Электронды медициналық анықтамалықта ау­­рудың диагностикасы, емдеу тәсілдері мен дә­­рілік препараттар туралы қажетті ақпараттар топ­­тастырылған.

Нәтижесінде, медицина қызмет­кер­лерінің жұ­­мысы бірнеше пайыз­ға жеңілдеген. Қоңырау қа­­былдау және науқасқа жету уақыты азайып, план­­­шет көмегімен көрсетілген ме­­кенжайға ке­­дер­­гісіз жету едәуір жақсарған.

Алдағы уақытта қызмет тетігін жетілдіру үшін қызметкерлердің білім сапасын тексеретін он­­лайн тест жүйесі мен қосымша бас­­қа бригада­­лар­­­ды жабдықтау жұ­­мыс­­та­­ры жүргізілетін бо­­лады.

Төртінші жоба – «3D технологиялар орталығы» жобасы. Заманауи 3D технологияларды оқыту, зерттеулер мен сараптама жасау орталығының алға қойған мақсаты көп.

Жобаның мазмұны – сәулет өнері, құрылыс, машина жасау, медицина және т.б. салалардағы жобаларды интерактивті симуляциялау мен визуализациялау. Мамандар жобаның тиімділігін жоғары бағалап отыр. Біріншіден, өндірістік және бюджеттік шығындар төмендейді. Екінші­ден, экономиканың басым салаларында еңбек өнімділігін көтереді. Кез кел­ген жобаны 3D-­мо­­дельдеу, 3D-жобалау және 3D-құрастыру ар­қылы нақты нәтижесін береді. Өн­­дірістік кезеңнің уақытша шы­­ғындары мен құнын қысқарту өз алдына ұзақ әңгіме.

Ақылды қаланың келесі қадамы – технология­лық бизнес-инкубатор, инвестор­ларға қолдау көр­сету ор­­та­­лықтары. Бұл инновациялық дамуға сер­пін беретін тың бастама екені сөзсіз.

Бизнес-инкубатор жобасында инновациялық менеджмент пен отандық және халықаралық сарапшыларды шақыру арқылы жобаларды басқару негіздері жөнінде дөңгелек үстелдер, тренингтер және дәрістер өткізіліп тұрады. Мұнда келіссөздер жүргізу, идеяларды талқылау, оны жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған.

Әлемнің көптеген елдерінде кә­сіп­­керлерге қыз­мет көрсету ақы­­лы жүргізіледі. Мәсе­лен,­ Санкт-Петербургтағы «Ингрия» техно­сая­ба­ғын­да бағдарламалардың бағасы айына – 500 рубль,­ ал инкубаторлау бағдарламалары 1500 рубльді құрайды.

Бас қаланың ерекшелігі де сол, бизнес-инкубатор жобасына қатысу тегін. Семинар, тренинг кезінде кәсіпкерлерге тегін пицца мен сусындар ұсынылады. Астанада кәсіпкерлік орталық құру басты мақсат болғандықтан, атқарылған жұмыстың нәтижесі көңіл қуантады.

Осы уақытқа дейін «Кәсіпкерлік экожүйе мен Greenfield және Brownfield дегеніміз не?», «Кә­­сіп­­керлік стратегия және құн­­ды­­лық­­тарды құру. Жобаның бизнес жоспары мен тұжырым­дама­сын қа­­лай жасауға болады?», «Потенциалды нарықты қалай бағалауға болады?», «Бизнесті немесе дизайнерлік модельді қа­лай дұ­­рыс қалыптастырып, таңдауға бола­ды?», «Idea­ Pitch 90 секундта өзіңіздің идеяңызды қалай айтуға болады?», «Бизнесті ойлау мен құ­ру стратегиясын қалыптастырудағы ког­­не­­тивті ерекшеліктердің әсе­рі» және тағы басқа ауқымды та­қы­рыптарды қамтыған семинарлар азаматтардың бизнес туралы тү­­сі­­ні­­гін кеңейтуге ықпал еткен.

«Ақылды қала» жобасының негізгі бағыт­та­ры­ның бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Астана қаласының мамандары күдікті аза­­мат­тарды анықтау жүйесін енгізу жөнінен израильдік компаниялардың тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр. Бұл жүйе құқық қорғау органдарына іздеуде жүрген немесе жүріс-тұрысы күмәнді көрініп тұрған азаматтарды қоғамдық көлікте белгі беру арқылы оңай анықтайды. Қазіргі таңда аталмыш компания-мен «Астана Innovations» АҚ арасында тығыз қарым-қатынас орнауда. Интеллектуалды қауіпсіздік жүйесін енгізу миллиондаған долларға бағалануда, алайда, мамандар оның өзін-өзі ақтайтынына сенімді.

«Sime Technology» компания­сы­ның бұл жетістігі Израильдің өзінде көптен қолданылып келеді. Осыдан он шақты жыл бұрын Израильде жиі орын алған террористік қимыл-әрекеттер осы жобаның арқасында тыйылған көрінеді.

Сондай-ақ, Астана әкімдігі әрбір тұрғынның, кө­­ліктегі жол ақысын, емханадағы немесе ауру­­хана­­дағы қызмет түрін төлеуіне, дәрі­хана­лар­дан дәрі алуына мүмкіндік беретін бірегей әлеу­­меттік картаға өту жөнінде тағы бір «ақылды» шешімді қарастыруда.