Мәжілісте Палата депутаттары Мейрам Бегентаев, Айгүл Соловьева және Алмас Тортаев «Жас көшбасшылар үшін Парламент моделі» жобасы аясында Қазақстан жастар ұйымдарының белсенділерімен және жастар ақпараттық қызметі өкілдерімен кездесті.
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен хабарлады.
Жастар алдында сөз алған М. Бегентаев «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның қабылдануы айтулы жетістіктің бірі екенін алға тарта келіп, аталған заң жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталғанын, онда көрсетілген барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін алдағы уақытта да бірлесе еңбек ету керектігін атап өтті. Одан әрі Құжаттың негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды. А.Тортаевтың атап өткеніндей, қос тараптың алдында тұрған ендігі маңызды қадам - осы Заңда айтылғандардың толықтай жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Өйткені, құжатта жастардың өзін-өзі басқаруына, мемлекеттік жастар саясаты субъектілерінің жұмыс істеуіне құқықтық мүмкіндіктер беруге, жастармен тиімді жұмыс істеудің тетіктерін қалыптастыруға, жастардың құқықтарын кеңейтуге айрықша назар аударылып отыр.
Өз кезегінде Айгүл Соловьева Қазақстанның қарқынды дамуы жолында жалынды жастардың рөлі өте зор екенін баса айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген 5 институционалды реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы жастарды жарқын болашаққа жетелейді. Парламентте жүзеге асырыла бастаған 100 қадам міндеттерінің ойдағыдай орындалуына жас буын өкілдері де белсене араласуға тиіс.
Екі сағатқа жуық созылған кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарға тұщымды жауаптар алып, халық қалаулыларына мағыналы, жылы жүздесу үшін өз ризашылықтарын білдірді.
Кездесу соңында жас буын өкілдері мәжілісмендермен бірге естелік суретке түсіп, Парламент ғимаратын аралады.
Қазақстан республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы Жалпыға бірдей адам құқықтары Деклараңиясының өзекті идеялары мен қағидаларына, БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына", Сәби құқықтары туралы Конвенңияға, Қазақстан Республикасының Конституңиясына және ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Жолдауына сүйенеді. Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иеленумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеумен ғана шектелмейді. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік- мәдени тәжірибесін, элем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатгы қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
өркендеу мен жаңашылдық;
тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, үлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қара- мастан жаппай қамту;
жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау. Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртүтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
білім, еңбек және жүмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету;
жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау;
жас таланттарды қолдау мен шыңдау;
жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру;
балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
Сонымен қатар еліміздің барлық аймақтарында «Нұр Отан» партиясының Жастар қанатымен ұйымдастырылған «Сәтті қадам» тағылымдамасын ұйымдастыру бойынша жобаның жаңа кезеңіне құжаттарды қабылдау басталды.
Жобаның қатысушылары елдің 240-тан астам ірі жұмыс берушілерінен тағылымдамадан өте алады, олардың арасында: «Бәйтерек ҰБХ», «Парасат ҰҒТХ», «KAZNEXInvest» АҚ, «BI-Group» холдингі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы», «Астана Innovations», «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК», «Қазақтелеком» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, сондай-ақ министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдар бар.
«Бұл жобаның іске асырылып отырғанына үшінші жол болды, мен оның біздегі үздік жобалардың бірі екенін сеніммен айта аламын. Себебі әрбір жас адамның болашағы жұмысқа орналасуымен байланысты. Оқуды тәмамдаған жоғары оқу орындары түлектерінде «жұмысқа қайда орналасамын?» деген үлкен сұрақ туындайды. Бұл жерде еңбек өтілінің болмауы мәселесі бар, түлектердің өз мамандығы бойынша жұмыс істеуі үшін біз қысқа үшмерзімдік тағылымдамаларды ұйымдастырып отырмыз», - деді Астанада өткен брифинг кезінде «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Нұрлан Сыдықов.
Сондай-ақ ол бұл бағдарламаны Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға қосылған үлес деп есептеуге болатынын атап өтті.
«Барлық реформалар жоғары білікті, білімді мамандарды талап етеді. Бұл жоба жас мамандарды іріктеу, жіберу және оларға жұмысқа орналастыруға көмектесуге бағытталып отыр», - деп түйіндеді Н.Сыдықов.
Биылғы жылғы жобаның ерекшелігі, байқауға енді орта-арнайы білім мекемелері түлектерінің жіберілетіні болып отыр.
Құжаттарды қабылдау 22 маусымнан 31 шілдеге дейін жалғасады, одан кейін байқау талаптарына сәйкес келетін үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.
2014 жылы жобаға қатысу өтінімін 2700-ден астам адам бергенін, ал тағылымдамадан өтуге 1000-ға жуығы жіберілгенін атап өту керек. Үш айдың қорытындысы бойынша 100-ден астам адам жұмысқа орналастырылды.