$ 448.15  483.46  4.86

Аслан Сәрінжіповке қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды

Ішкі істер министрлігі депутат Азат Перуашевтың жүгіну фактісі бойынша қылмыстық өндіріс қозғады. Бұл туралы журналистерге орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтен соң ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлады.

Депутаттан да, Білім министрі Аслан Сәрінжіповтен де жауап алынған.

«Қылмыстық іс қозғалып отыр. Олардан жауап алынды. Біз қазір сотты4 филологиялық сараптамаcын тағайындадық, соның қорытындысы бойынша шешім қабылдайтын боламыз», — деп мәлімдеді Қ.Қасымов.

Естеріңізге сала кетелік, депутат пен министр арасындағы шиеленіс мамыр айының аяғында болған-тын. Білім беру мәселесі бойынша заңнамаға түзетулердің енгізілуі талқыланып жатқанда А.Перуашев білім министрлігі президенттің ЖОО-ны аккредиттеуге өту жөніндегі тапсырмасын атқара алмады деп, министрге отставкаға кетуді ұсынған еді. Ал толық отырыстан кейін А.Сәрінжіпов А.Перуашев белгілі бір тұлғалардың мүдделерін қорғап жатыр деген мәлімдеме жасады.

Нәтижесінде, депутат А.Сәрінжіповтың сөздері «қылмыстық кодекстің бабымен қаралуы» тиіс деген қорытындыға келіп, бас прокуратураға жүгінді.

Бұл ретте, А.Перуашев кейінірек арызды қайта алып кетуге дайын екенін білдірді, бірақ ол үшін А.Сәрінжіпов депутаттар алдында кешірім сұрауы тиістігін айтты. Алайда білім және ғылым министрлігінің басшысы кешірім сұрамайтынын айтқан болатын.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары