Пәкістанның Синд провинциясында аптап ыстықтан кем дегенде 224 адам қаза тапты, деп жазады Би-би-си.
Биліктің хабарлауынша, қаза табу оқиғаларының көбі Карачи қаласында тіркелген. Ол жерде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілген. Ол жерде 200 адам ажал құшқан.
Көбіне егде жастағы адамдар ауа райының тосын құбылысына шыдас бере алмай, өмірімен қоштасып жатқан көрінеді. Сондықтан билік әскерилерден көмек сұрап, қала бойынша ыстықтан жапа шеккендерге көмек көрсететін лагерьлер құрылмақ.
Жақын күндері елде күн бұдан да ыси түседі деген болжам бар.