22.06.2015, 18:00

Медицина мамандары марапатталды

Оңтүстік Қазақстан об­лы­с­тық мәсли­ха­ты­ның хат­шы­сы Қ.Ер­жан ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­лері күні қар­саңын­да өз ка­би­нетінде өңірдің бірқатар ақ ха­лат­ты аб­зал жан­да­рын қабыл­да­ды. Мәсли­хат хат­шы­сы са­ла қыз­мет­кер­лерін төл ме­ре­ке­лерімен құттық­тап, ха­лық ден­са­у­лығын қорғау жо­лын­дағы қажыр­лы еңбек­тері үшін шы­найы алғысын білдірді.

Құдай­бер­ген Төлепұлы кез­де­су ба­ры­сын­да об­лы­с­тағы ден­са­у­лық сақтау са­ла­сын да­мы­ту­дағы жетістіктер­ге тоқта­лып, ха­лық қала­у­лы­ла­ры­ның ме­ди­ци­на са­ла­сын­дағы про­бле­ма­лар­ды ше­шу­дегі рөлін атап өтті.

Кез­де­су­де 10 ме­ди­ци­на қыз­мет­керіне ОҚО мәсли­ха­ты­ның гра­мо­та­сы тап­сы­рыл­ды. Ма­ра­пат алған ізгі ма­ман­дық ие­лерінің ара­сын­да Шар­да­ра ау­дан­дық ау­ру­ха­на­сы­ның хи­рургі С.Мир­за­ди­нов, ОҚО кон­суль­та­тивтік-ди­а­гно­с­ти­ка­лық ор­та­лығының дәрігері Л.Ку­ли­е­ва, №2 об­лы­с­тық пе­ри­на­тал­дық ор­та­лығының аку­шер-ги­не­ко­ло­гы Т.Қошан­ба­е­ва, Түлкібас ау­дан­дық ор­та­лық ау­ру­ха­на­сы хи­рур­гия бөлімінің меңге­рушісі А.Жан­та­ев, Са­рыағаш­тағы Қап­лан­бек ау­ыл­дық ау­ру­ха­на­сы­ның меңге­рушісі Т.Ны­санқұлов, Мақта­а­рал­дағы Жы­лысу ау­ыл­дық ем­ха­на­сы­ның аға дәрігері Т.Ержігіто­ва, Түркістан қала­лық ем­ха­на­сы­ның те­ра­певі Г.Әшірова, об­лы­с­тық кар­дио­ло­ги­я­лық ор­та­лығының дәрігері Э.Шыңғысо­ва, Арыс ау­дан­дық ор­та­лық ау­ру­ха­на­сы­ның та­за­лықшы­сы К.Жа­ра­с­ба­е­ва және Бәйдібек ау­дан­дық ем­ха­на­сы­ның мед­би­кесі П.Сапар­бе­ко­ва­ бар.

Өз ке­зегінде ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­лері де өздерінің қиын да жа­у­ап­ты еңбек­терін бағалаған мәсли­хат хат­шы­сы­на ри­за­шы­лықта­рын білдірді.