25.06.2015, 18:00

Ақордада БАҚ өкілдері марапатталды

http://khabar.kz/

Журналистер кәсіби мерекесі қарсаңында бүгін Ақордада ақпарат майданындағы маңдайалды мамандар мен ұжымдар марапатталды.деп хабарлайды Хабар агеттігі.

Президенттік сыйлықтар мен гранттарды Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова табыс етті.  Жүлде қоры қомақты. Премия 2 миллион 200 мың теңге, ал грант 1 миллион 700 мың теңге. 

Елбасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы жүлдесі «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаев және «Экспрес-K» газеті редакциясының Бас директоры марқұм Алексей Панға берілді. 

Гранттар «Арша» медиастудиясының  продюсері Зарина Есекеева және «Хабар» телеарнасы Бағдарламалар дирекциясының Бас продюсері Ринат Кертаевқа тапсырылды.   Президенттің Алғыс хаты биыл 4 шығармашылық ұжымға берілді.

-Мемлекеттік деңгейдегі жүйелі қолдау нәтижесінде тәуелсіз еліміздің мүддесін қорғайтын ұлттық баспасөз қалыптасты. Қазақстанның баспасөзі қоғамдағы татулық пен бірліктің, жоғары адамгершілік құндылықтарының жаршысына айналды. Жас мемлекетіміздің іргесі берік, болашағы баянды болу үшін қызмет етті», – деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.