$ 444.22  476.38  4.82

Өзімізді өзіміз сыйлаудан қалып барамыз

Қазақстанға белгілі тележүргізуші Дана Нұржігітова Астана күнін ұйымдастырушылар оған елордаға өз қалтасынан ұшып келуін айтып қорлағанын мәлімдеді. Тележүргізушіні жұлдызды әріптестері  қолдап отыр.

Бұл туралы Дана Нұржігітова өзінің Facebook  парақшасында жазған.

«Маған жақында Астана күніне орай ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шаралардың бірін ұйымдастырушылар хабарласты. Шілде айының басында Қазақстанда, ТМД елдерінде және Еуропаға таралатын керемет мереке өтеді екен. Осыған байланысты маған өз қалтамнан ақша төлеп Астанаға ұшып келіп, қызыл кілеммен жүруге ұсыныс айтылды. Сондай-ақ баспасөз қабырғасында тұрып, барлық жерден келген репортерларға сұхбат беріп, жыл жаңалығының ортасында тұруым қажет екен», – деп жазды тележүргізуші.

Нұржігітова ұйымдастырушылардың мерекеге өз қалтаннан қаражат төлеп кел дегені тіпті ерсі екенін айтты.

«Мен ойланып қалдым. Неге екенін білесіз бе? Баспасөз қабырғада (ол құлап қалуы да мүмкін) жай ғана тұрып, қол бұлғау үшін барлығын тастап өз қаражатына Астанаға келу ол үшін атақұмар болу керек шығар. “Мұндай “бір сәттік атаққа” қызығу үшін өзіңді қаншалықты құрметтеуден қалу керексің?! Адамға осыншама арзан қойылым ұсынып, қаншалықты құрметтемейтіндерін байқатты!”, – деп ренішін жасырмады Нұржігітова.

Ұйымдастырушылардың мұндай ұсынысын тележүргізуші «ерсі» деп атады. Оның айтуынша ұйымдастуршылар қаржыны мереке қонақтары үшін үнемдеп қалмақшы.

«Құрметті ұйымдастырушылар! Одан да мені ешқашанда естеріңізге алмай-ақ қойыңыздар. Бұл жобаларды сіздер қалай жасайтыңдарыңызды мен енді білдім. Өз отандастарына, адамдарға деген сыйластық жоқ. «Сіздер бюджетті» жымқырумен айналысатындардың бірісіздер. Қонақтардың келіп-кетуін қамтамасыз ететін қаражат бөлінгеніне сенімдімін. Бірақ сіздерге келетіндер өз қалтасынан ақша шығарғаны тиімдірек! Сіздер бұл “тәтті ұсыныстан” ешкім бас тарпайтынына сенімдісіздер. Себебі мұндай эфир бәріне керек! Осылайша өз қонақтарыңды төмендетуден де тайынбайсыңдар! Мүмкін бұған келісетіндер табылатын шығар, бірақ мен емес. Мен қатты ашулымын! Маған бұған дейін мұндай төмен ұсынысты ешкім жасаған емес!”, – деп жазды журналист.

“Бұл бассыздықты тоқтату керек. Бұл әртісті, тұлғаны кемсіту! Олар бұны түк болмағандай істеуде! Әлем бойынша кинофестивальдер мен мерекелік іс шараларда қызыл кілемге шығу үшін әртістерден ақша шығартады деп ойламаймын! Бұл біздің қазақи ноу-хау!”, – деп түйіндеді журналист.

Нұржігітованың айтқанымен жұлдызды әріптестері – әнші Ляззат Аханова, тележүргізуші Мадина Балғабаева, скрипкашы Аида Аюпова сондай-ақ өзге де тележүргізушілер келісіп отыр. Кейбіріне тіпті осындай ұсыныста түскен.

Nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары