30.06.2015, 18:00

Елбасы сыйға тартқан Бұхар бұғысы 90 басқа жетті

www.advantour.com

«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» аймағы 120 мың га. жуық аумақты құраса, оның 64 мыңнан астамы орманды алқап. Ал аймақта өсімдіктердің шамамен 955 түрі, сүтқоректілердің 46 түрі, құстың 309 түрі мекендейді, деп мәлімдеді «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ директоры Б.Мошқалов "Оңтүстік ақпарат" орталығында өткен брифингте.

- Осыдан 15 жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев киелі Түркістанның 1500 жылдығына он бұқар бұғысын тарту еткен болатын. Бүгінде Түркістан филиалындағы тұқымбақта өсіріліп жатқан осы бұғылардың басы 89-ға жетіп отыр. Оның ішінде, биылғы туылған төлдер сегіз бас, - деді өңірлік табиғи паркінің директоры.

Өңірлік парк аумағында мекендейтін жабайы аң-құстарды сақтау, қорғау мақсатында облыс әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасымен биылдан бастап аң аулауға 3 жыл мерзімге мораторий жарияланды.

Сонымен қатар, «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» аумағында ішкі туризмді дамыту мақсатында туристік бағыттарды тамашалау алаңдарына кіру, көлік тұрақтары, қонақ және киіз үйлер, палаткалар, ұйқықаптар, жолсерік, экскурсовод, аудармашы, микроавтобус, қайық, көлікті шана, квадроцикл, мініс аттары, жылытылған жылжымалы вагон-үйлер, монша сияқты туристерге қызмет көрсету түрлері жүзеге асырлуда деді Б.Мошқалов

 

baq.kz/