$ 498.34  519.72  4.85

Журналистерге Мекке мен Мадинаға кіруге тыйым салынды

Сауд Арабиясы үкіметі биылғы қажылық маусымы кезінде Мекке мен Мадина шаһарына журналистердің кіруіне тыйым салды.

Дәлірек айтқанда, аталмыш тыйым Әзірбайжан мемлекетінен келетіндерге қатысты шығарылған. Өйткені, осы мемлекеттен келетіндер қажылық парызын орындаумен қатар, журналистік зерттеу жүргізуге құмар келетін көрінеді. Бұл жайында Ислам.аз сайты хабар таратты.

Ал, қажылық рәсім орындауға келген мұсылмандардың ешқайсысына мамандығына байланысты ешқандай тыйым салынбайды. Тек қажылық уақытында бұқаралық ақпарат құралдары үшін сурет түсірмесеңіз болғаны. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары