$ 448.15  483.46  4.86

Күйеуімнің қарындасым деп жүргені туған қызы екен…

Менің жасым 27-де. Тұрмыс құрғаныма 3 жыл болды. Әзірге баламыз жоқ. Барған жерім бағыма орай өте жайлы. Ешкімге ренішім жоқ, ата-енем өте жақсы адамдар, енемді «мама» деп атаймын. Күйеуімнің туған екі әпкесі бар, олар да тез тіл табысқыш, ара-қатынасымыз да керемет. Бірақ, соңғы уақытта менің басымда үлкен бір мәселе туындады. Баламыз болмаса да одан да басқа мәселе. Жуықта күйеуімнің қарындасы деп жүргенім сүйіктімнің туған қызы екенін білдім. Ең алғаш естігенде «шокта» болып неше күн ойға кеттім. Көңіл-күйім де түсті. Енді сабырға келіп ақылға сала бергенде миымнан бір ой кетпей қойды. Жолдасым немесе ата-енем маған бұл жағдайды басында неге ашып айтпаған? Неге менен жасырды? Осы сұрақ көкейімнен кетпейді.

Менің күйеуімнің жасы жиырма тоғызда ал қыздың жасы он үште. Оқиғаның сыры мынада екен: жолдасым мектеп қабырғасында өзінен үш жас үлкен қызбен жүрген. Күйеуімнің жасы ол кезде он бесте ал қыздың жасы он сегізде болған екен. Қыздың аяғы ауыр болып қалған, бірақ күйеуім білмеген. Қыз айтпастан қаладан кетіп қалған. Бір жарым жылдан соң күйеуімнің үйіне келіп күйеуімнің қызы бар екенін айтып, қызды жолдасымның ата-анасына тастап кетеді. Ол қыз басқа қалада өзінен үлкен жігітті кездестірген екен, сол үлкен жігітпен тұрайын десе кішкентай жазығы жоқ баланың кедергі болып тұрағанын айтады. Енем ойланбастан баланы алып қалады. Енемнің «қолы ұзын» яғни таныстары көп болғандықтан құжаттарын жөндетіп қамқоршы (опекун) болып, асыраушы ретінде рұқсат алады да қызды бауырына басады. Сол жылы ДНК да жасатқан. Қыздың менің күйеуімнің баласы екені расталған. Жолдасым қызына әке ретінде қарамаған, бала әжесі мен атасына бауыр басқан, әкесін де іздемеген. 

Міне, уақыты келіп күтпеген жерден мен біліп қалғандықтан неше жыл жасырған «сырларын» енем толық ашып айтып берді. Күйеуім болса ол баланың өзіне қарындасындай болып кеткенін айтып ақталады. Егер мен біліп қоймағанда олар мені өмірбойы алдап өтпек болған ба? Қыз бала мені «жеңеше» деп атайды. Қызды қайынсіңілімдей еркелетіп жақсы көріп жүр едім, қазір еркелете бастасам ойыма бір түрлі ой кеп тартыншақтап қаламын. Біз басқа қалада енемдер басқа қалада тұратын едік. Сонымен қатар енем біз жоқта анасы қызының жағдайын біліп келіп тұратынын да айтып өтті. Маған маза бермейтіні кейін ата-енем біздің қолымызға көшіп келгенде ол әйел біздің үйге қалай келеді? Әйел ретінде мен ол әйелді өте жақсы түсінемін, ол қызын көрмей тұра алмайды ғой. Ал мен ол әйелдің күйеуіммен кездескенін қаламаймын. Сонда менің не істеуім керек? Өзімізде әлі сәби де жоқ. Сәби сүйе алмай жүргенімді іштей уайымдап жүргенде екінші бір уайым пайда болды. Ата-енем биылғы жазда біздің қолымызға көшіп келеміз деп отыр. «Сол қыз бала үшін көшіп келмеңдер» деп те айта алмаймын ғой. Мен өз күйеуімді жоғалтып аламын ба деп те отбасымның шырқы бұзылып кете ме деп қорқамын. Маған қандай ақыл-кеңес бересіздер оқырман?

Дереккөз: Oqiga.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары