05.05.2018, 09:34

Қостанай облысында қасапшы жігіт әпкесін пышақтап, басын кесіп тастаған

Қостанай облысы Қарабалық ауданына қарасты Славенка ауылында 35 жастағы Құсбек есімді ер адам немере әпкесі Күлмар Бекбосынованы пышақтап, басын кесіп тастаған деп жазады kstnews.kz. 

Оқиға былтыр желтоқсан айының 24-і күні болған. Ішімдікке тойып алған Құсбек қорадағы малды союға пышақ алып шығады. Әпкесі ол айтқан малды емес, басқасын таңдайық дейді. Осылайша олар екеуара  жанжалдасып, Құсбек әпкесінің арқасына 6 жерден пышақ ұрады. Онысымен қоймай, қансыраған марқұмның басын кесіп тастайды.

Қайғылы жағдай бүтін бір отбасының көз алдында өрбіпті. Біраз уақыт өткен соң Құсбектің әйелі полицияға өзі хабар берген.

Осы оқиға бойынша Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты қылмыстық іс қозғады.  Сот отырсында күдікті істеген әрекетін алғашында мойындағанымен, кейін бұлай айтуға біреулердің мәжбүлегенін айтып отыр.